Оңайгүл Тұржан: Осындай қиын кезеңде сабыр сақтауымыз керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін пандемия құрбандарын еске алатын күн – Жалпыұлттық аза тұту күні. Осы ретте мен елді сабырға шақырғанды жөн көріп отырмын, дейді ақын, филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржан ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

«Қазір үйде коронавирус инфекциясымен сырқаттанып жатқан адам болса - үрейлене қарамау керек. Ондай көзқарас науқас адамның түбіне жетеді. Қазір тарихқа қарап отырсақ, қай ғасырда да осындай індет болған екен. Осындай кезде халық өзін қалай ұстаған ? Халықтың бойын үрей билегені соншалық, олар тіпті ауырып жатқан сәбилерін тастап қашқан. Бірақ індет олардың өздерін құтқармаған. Бұл бар қазақты ойландыратын жағдай», - дейді ақын, филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржан.

Ол коронавирус індетінің бүкіл әлемге жайылғаны туралы айтты.

«Бұл індет бізге де келді, міне. Ең алдымен, Алланың біздің бойымызға берген қайсарлық деген қасиетін оятуға тура келеді. Осы қасиет бірінші кезекке шығуы керек. Қазір үйде сырқаттанып жатқан адам болса - үрейлене қарамау керек. Ондай көзқарас науқас адамның түбіне жетеді. Бала-шағаның көзінше адамдардың қайтыс болғаны туралы мүлдем айтпау керек. Бұл да - маңызды. Өйткені баланың үрейі бүкіл отбасына жайылады», - дейді ол.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда бір-бірімізге қамқор болып, көмектесіп, дертті қайсарлықпен жеңіп шығу керек.

«Қазақ халқы қайтыс болып кеткен адамның артынан қайырын берсін деп сұрайды. Бізде ата-бабаларымыздан келе жатқан «сабырлық» деген қасиет бар. Соны сақтап қалу керек. Бірін бірі қолдаған кезде ғана рухани жеңілдік болады. Президент жауапты мекемелерге үлкен тапсырмалар жүктеді. Осындай қаралы күн енді болмай-ақ қойсын. Осымен бітсе екен. Аман болайық. Халқымыздың тілегі қабыл болсын!», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар