«Оңайдың» олқы тұстары аз емес - Н.Назарбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Универсиадаға дайындық жұмыстары мен қаланың даму мәселелеріне арналған жиын барысында экология мен транспорт мәселесін көтерді.

«Күн сайын қалаға 250 мың автокөлік кіреді. Халықаралық тәжірибені зерттей отырып, бұл үдерісті реттеу керек. Мәселен, бір күні жұп санды нөмірлерді кіргізбей, екінші күні тақ санды нөмірлердің кіруіне тыйым салып дегендей... Сондай-ақ, «Оңай» электронды билеттендіру жүйесінде олқы тұстар аз емес. Халыққа бәрі түсінікті болу үшін әр жаңалықты жан-жақты екшеп алып енгізу керек», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Елбасы Алматының жасыл желегін сақтап қалудың маңыздылығын жеткізді.
«Әр азамат ағаш отырғызсын. Көлік пен жеке үйлер көгілдір отынға көшсін. Мәселен, Токиода бұрындары үлкен проблема болатын. Қазір жайлауда келе жатқандай боласың, адам саны 13 млн болса да ауасы сондай таза. Әдістер өте көп, тек оларды енгізе білу керек», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар