«Оңай» жол жүру билеттермен 4 млн рет қызмет көрсетілген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Оңай» жол жүру билеті бойынша бір ай ішінде 4,27 млн рет қызмет көрсетілген. Бұл туралы «Алматы» көлік холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, Алматыда 1 наурыздан бастап «ОҢАЙ» электронды жол жүру билеттері сатыла бастады. Жол жүру билеттерінің 4 түрі бар. Жолаушылар барлық санаттағы азаматтарға арналған, мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлерге арналған жол жүру билеттерін пайдалана алады.

Бірыңғай жол жүру картасының құны 7 200 теңге болса, əлеуметтік жол жүру картасының құны  - 2 000 тенге, оқушылардың билеті 1 000  теңге, студенттер үшін жол жүру билеті 3 000 теңге тұрады.

Аталған электронды билеттерді айдың алғашқы 15 күнінде «QIWI» онлайн төлем терминалы арқылы толықтырып, келесі айда да қолдануға болады.
Осы уақыт аралығында құны 174,2 млн теңге болатын 72 198 жол жүру билеті сатылған.  

Соңғы жаңалықтар