USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

«Оңай» картасымен метро стансаларында да жолақысын төлеуге болады - Алматы

2015 жылғы 7 желтоқсан 14:59
Бөлісіңіз:
«Оңай» картасымен метро стансаларында да жолақысын төлеуге болады - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа электронды билеттендіру жүйесі метрода да жұмыс жасайтын болды. Енді «Оңай» картасымен метро стансаларында да жолақысын төлеуге болады. Бұл туралы «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір компания қызметкерлері барлық стансалардағы турникеттердің бірін «Оңай» терминалымен жабдықтауды аяқтады. Енді жаңа билеттендіру жүйесі арқылы метро жолаушылары да жеңілдік карталарын пайдалана алады. Олардың ішінде студенттер - 50%, мектеп оқушылары - 50%, зейнеткерлер 50% жеңілдікпен, ҰОС ардагерлері тегін жүре алады.

Айта кету керек, қарашаның 1-інен желтоқсанның 6-сына дейін жолаушылар «Оңай» көлік картасы арқылы 1732 рет қатынаған. Соның есебінен 100 960 теңге түсті.

Жаңа электронды билеттендіру жүйесі 2016 жылдың алғашқы тоқсанында толығымен іске қосылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT