+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Оңалту және банкроттық рәсімдерді қолдану жағдайлары жеңілдетіледі

2019 жылғы 5 желтоқсан 11:45
Бөлісіңіз:
Оңалту және банкроттық рәсімдерді қолдану жағдайлары жеңілдетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджеттік, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл «Волонтерлік туралы» заң жобасы әзірленеді Атырау облысында жаңа заң бойынша жеті жүргізуші көлік жүргізу куәлігінен айырылды 2019 жылы Алматыға қанша шетелдік келді

«Заң жобасы борышкердің немесе кредитордың оңалтуды қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге негіз ретінде уақытша төлем қабілетсіздігін қарауды ұсынады. Яғни борышкер 4 айдан астам міндеттемелерді орындай алмаса, оңалту рәсімін қолдануға құқығы бар. Банкроттық бойынша да осындай жағдай. Борышкер, егер міндеттемелердің активтерден тұрақты түрде асып тұрғаны байқалса сотқа жүгінуге құқылы.

Кредитор соманы өндіріп алу туралы сот актісі, атқарушылық құжат немесе борышкердің қарызды мойындағанын растайтын құжат болған жағдайда, сотқа жүгінуге құқысы бар. Осылайша, заң жобасы оңалту және банкроттық рәсімдеріне кіруді жеңілдетеді.

Сондай-ақ, заң жобасы жеке кәсіпкерлерге оңалтуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Әдейі және жалған банкроттық үшін жауапкершілікті белгілейтін заң жобасының қағидаларын бөлек атап өту керек.

Заң жобасында «Жалған банкроттық» құрамын алып тастау және «Әдейі банкроттық» құрамын нақтылау ұсынылады.

«Мұнда кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлкін иеліктен шығарғандарға баса назар аударылатын болады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Бұдан бөлек, жұмыс істемейтін шаруашылық субъектілерін тарату үшін заң жобасы әкімшілерді тартпай борышкерлерге жеңілдетілген банкроттық рәсімін қолдануды ұсынады.

Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға салық төлеушілердің кейбір санаттарын қоспағанда, арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар 2020 жылдан бастап корпоративтік (жеке) табыс салығын, әлеуметтік салығын, бірыңғай жер салығын төлеуден босату бойынша түзетулер ұсынылады.

«Қорытындылай келе, заң жобасын дайындау кезінде шетелдік тәжірибе пайдаланғанын атап өткім келеді. Ұсынылып отырған бастамалар бизнес субъектілерінің оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануды 32 пайызға жандандыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Өз кезегінде, мерзімдерді 20 пайызға дейін қысқарту және оларды жүргізу шығындарын 40 пайызға дейін қысқарту Дүниежүзілік Банктің «Doing Business« рейтингіндегі «төлем қабілетсіздігін шешу« индикаторы бойынша Қазақстанның позициясына оң әсерін тигізеді», - деді Әлихан Смайылов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT