Оңал Бекиев Көліктегі полиция департаментінің басшысы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің мақұлдауымен Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Оңал Бекиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің жаңа бастығын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Оңал Ботайұлы Бекиев 1975 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бері қызмет істейді.

Ішкі істер органдарында түрлі қызметтер атқарып, басшылық құрамдарда жұмыс істеген.

ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары болған. Алматы облысы Полиция департаменті және Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар