Оң өзгеріс байқалса, карантин шаралары жеңілдетіледі - Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда карантин шаралары кезең-кезеңімен жеңілдету жоспарланған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантинді созу туралы шешім нақты таразыланатындығын түсіну өте маңызды. Біз үшін аурудың өсім динамикасы немесе оның төмендеуі маңыздырақ болып тұр. Екі апта бойы мәліметтерге күнделікті мониторинг жасап отырамыз. Егер аурудың тұрақты түрде төмендегендігін байқайтын болсақ, онда карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жоспарымызда бар. Ал егер көрсеткіш динамикасы нашарлап кететін болса, онда басқа шешім қабылданады. Қазіргі уақытта көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Алексей Цойдың дерегінше, қазіргі уақытта елімізде шамамен 1 980 төсек-орын күту режіміне көшірілген немесе бұрынғы кесте бойынша жұмыстарын бастаған.


Соңғы жаңалықтар