Он маңызды бағыт: Ақтөбеде 19 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Өндіріспен қатар шағын және орта бизнесте жаңа жұмыс орындары ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым -Жомарт Тоқаев ұлтықтау рәсімінде он маңызды бағытты атады. Төртінші бағытта жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту міндеттелді.

«Биыл 19542 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде 18112 адамға жұмыс табылады. Әсіресе 6 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орны болмақ. Білім және ғылымды даму, Индустриалдық-инновациялық даму, Өңірлік даму бағдарламаларына басымдық берілді. Ал «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мамандарды қысқартпай, оларды қайта даярлау, біліктілігін арттыру қажет. Қаңтар-мамыр айларында 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, адамдар еңбекке араласты. Бұл жоспардың 43 пайызын құрап отыр», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қымзеті.
null

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Бастау бизнес» жобасымен биыл 1 мыңнан астам адам тегін оқиды. Ол үшін 88 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жәнібек Нағметқалиевтің айтуынша, ауыл мен шағын қалалар үшін шағын несие беруге бюджеттен 3,8 миллиард теңге бөлінді. Барлығы 976 жоба қаржыландырылады.
«Қалалар мен моноқалаларға несие беруге 1,1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлығы 119 жобаға қолдау бар. Бұл бағыттағы жұмысқа облыстық кәсіпкерлік басқармасы жауапты, ал «Бастау бизнес» жобасы мен ауылға, шағын қала тұрғындарына несие беруді ауыл шаруашылығы басқармасы атқарады», - деді Жәнібек Нағметқалиев.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беріледі. Қайтарымсыз ақшаны 420 адамға беру жоспарланған. Бұл үшін биыл бюджеттен 192 миллион теңге бөлінген.
null

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкер арасында келісім болады. Грант алу кезінде салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуде тұрған, «Атамекен» палатасы комиссиясынан оң шешім алған, бұрын грант, өзге де мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай қолдау болмаған адамдар таңдалады. Жаңа идеялар үшін 100 АЕК-ке дейін ақша беріледі. Әрі биыл Елбасы тапсырмасымен жастарға, аз қамтылған, мүгедек бала асырап отырған отбасыға 200 АЕК көлемінде дейін ақша беріледі», - деді Жәнібек Нағметқалиев.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 2017 жылы 2,2 миллиард теңге, 2018 жылы 3,8 миллиард теңге бөлініп, игерілді. Биыл да 976 жобаға 3,8 миллиард теңге беріледі. Сәуір айында қаржы республикалық бюджеттен түсті. Қаржы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры және Аграрлық несие корпорациясына бөлінді.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұржау Тұрғамбековтың айтуынша, қазіргі уақытта несие алуға түскен өтініштер мақұлданып жатыр.
null

«Мамыр айында алғашқы несие берілді. Темір, Шалқар, Мұғалжар, Қобда мен Мәртөк аудандарының кәсіпкерлері қаржының басым бөлігін алып отыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры саудадан өзге бағытқа несие береді. Басымдық - ауыл шаруашылығында. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында несие 6 пайызбен 5 жылға беріледі. Егер мал шаруашылығына берілсе, 7 жыл төлейді. Мәселен, «Игілік» бағдарламасы бойынша төрт түлік сатып алатындарға тек 4 миллион теңгеге дейін ақша беріледі. «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында кэмпинг, кафе, наубайхана секілді бизнесті қолға алса 6 миллион теңгеге дейін несие ұсынылады. «Егінжай» бағдарламасы бойынша 6 миллион теңгеге дейін аударылады. Техниканы жөндеу, тұқым сатып алу, тыңайтқыштар алуға болады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қараны шетелден алу керек. Бұл бағытта кәсіпкерлер 12 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Ал ұсақ малды тек Қазақстаннан алуға рұқсат бар», - деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина.

Соңғы жаңалықтар