Он күн бұрын жоғалып кеткен петропавлдық жігіт табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Он күн бұрын із-түзсіз кеткен Петропавл қаласының тұрғыны Руслан Моисеенко аман-сау үйіне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізде болса, 27 жастағы Руслан Моисеенко 6 тамыз күні кешкі сағат жетілер шамасында үйінен шығып кеткен.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласы Полиция басқармасы криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері бірден іздеуге кірісті. Еріктілер де өз көмектерін ұсынды. Әлеуметтік желіде жоғалған жігіттің суреті мен белгілері жарияланып, туған-туыстары мен әріптестері сұралды.

15 тамыз күні жігіт аман-есен үйге оралды. Оның айтуынша, еңбекақы алғасын Нұр-Сұлтан қаласына автобуспен жол тартқан. Осы уақытқа дейін астанада болған ол үйіне жол-жөнекей кездескен көлікпен жеткен.

Соңғы жаңалықтар