Өмірзақ Шөкеев Ясауи кесенесінің бүлініп жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Көгалдандырудан кесенеге келер қауіп жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ.А.Ясауи кесенесіне қатысты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан мәселеге облыс әкімі пікір білдірді. «Мұндай пікірлер айтылып тұрады. Кесене аумағындағы 88 гектар жерге ешқандай ғимарат салынбайды. Тек көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі көгалдандырылған жерде бұрында әртүрлі гүлдер мен талдар егілген болатын. Біз сол жерге газон ектік. Артындағы топырағы шығып жатқан жерді ботаникалық бақ жасадық. Бұл юнесконың қарамағындағы кесене. Сондықтан барлық жобалар солармен келісіліп жасалады», - деді Ө.Шөкеев.

Сондай-ақ облыс әкімі Түркістанға келетін туристерге де жағдай жасалу керектігін жеткізді. «Бізде ғалымдармен ақыласып жасаймыз. Ешқандай зиян келіп жатқан жоқ. Кейбір адамдар үйінде жатып, пікір айтады. Дәлелін айтсын, соған сай сөйлесетін боламыз» - деді Ө.Шөкеев.

Бұдан бұрын, 600 жылдан астам тарихы бар нысанның кей қабырғалары сулана бастағаны туралы айтылған еді.



Соңғы жаңалықтар