+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев үйлерін сел шайған Төлеби ауданында болды

2020 жылғы 6 маусым 05:22
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев үйлерін сел шайған Төлеби ауданында болды

ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бір топ депутаттармен бірге Төлеби ауданы, Леңгір қаласының тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынып жатқан баспаналарды бақылап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір әкімдігінен мәлім еткендей, мұнда көктемгі сел салдарынан апатты күйге түскен үйлер толық жаңадан салынып жатыр. Қираған 9 үй жаңа жерге салынады. Қалғандары бұзылып, қайта тұрғызылуда. Өңір басшысы «Алатау» мөлтек ауданында бой көтерген осы үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты.


«Жылдар бойы көктемде күпті көңілмен күй кешетін едік. Енді міне, өміріміз түбегейлі өзгерейін деп тұр. Сол үшін сіздерге шексіз алғыс білдіреміз. Қиындықтарды еңсеруге көмектесіп жатқан, жанымыздан табылып, жылы сөзбен демеп жүрген сіздерге халық риза», – деді облыс әкімімен кездескен Леңгір қаласының тұрғыны Мария Корнилова.


Облыс басшысы бұдан кейін Достық елді мекеніндегі тұрғын үйлердің құрылыс барысын бақылады. Онда сел шайған үйлер бұзылып, орнына жаңа баспаналар салынып жатыр. Өмірзақ Шөкеев үйлердің сапасына баса назар аударуды талап етті.

Еске салайық, Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан апатты деп танылған жалпы 38 баспана толық сүріліп, қайта салынуда. Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін толық аяқталмақ.

Сондай-ақ жолдар мен көпірлер жарамсыз күйге түсіп, инфрақұрылым істен шыққан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT