+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев түркістандықтар алдында есеп беруде

2020 жылғы 14 ақпан 11:10
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев түркістандықтар алдында есеп беруде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің халыққа есеп беру жиыны басталды. Өңір басшысы өткен жылы атқарған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев құрылысы биыл аяқталатын нысандарды аралады

Ел алдында есеп берген Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облысты дамыту бойынша тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және экономика мен бизнеске қолайлы жағдай жасау міндеттері қойылып отыр. Өңір басшысы дамудың түрлі салалары бойынша көрсеткіштерге тоқталды.

«Түркістан облысы қайта құрылғалы бері аймақтың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты. 2019 жылы облыс бюджеті 561 млрд теңгеден, жыл соңына дейін 778 млрд теңгеге жеткен. Бұл бюджеттің 217 млрд теңгеге немесе 38% өскенін көрсетеді. Бірқатар салалар бойынша республикада көшбасшылар қатарынан көріндік. Жалпы, 2019 жыл – өңір үшін жетістікке толы жыл болды», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының сөзінше, жыл қорытындысымен тұрғындар тарапынан облыс әкімдігіне жер, әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тағы басқа салаларға қатысты жалпы 4 134 өтініш келіп түскен. Аталған мәселерді шешу үшін тиісті басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырма берілген.

Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасарлары 809 азаматты жеке қабылдап, мәселелерін шешуге атсалысқан. Өмірзақ Шөкеев аудан әкімдерінің есеп беру жиынына арнайы қатысып, аудан тұрғындарын алаңдатып отырған өзекті мәселелерді шешу жолдарын бірге талқылады. Бұл шаралар билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты орнату, өтініштерді сапалы қарау мен, мүмкіндігінше шешімін табу және халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, тиісті көмек беру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Жалпы, бүгінгі қорытынды жиынға 700-ге жуық облыс тұрғыны қатысуда. Есептік кездесу Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында және Facebook-парақшасында онлайн-режимде көрсетілуде. Бұдан өзге, бүгінгі есепті көру мүмкіндігін қарастыру мақсатында облыс орталығынан шалғай жатқан аудан тұрғындарына ұсыныс-пікірлер білдіру үшін және сұрақтар қоюға барлық аудан, қалалар интерактивті онлайн-режимде қосылған. Кездесу өткізіліп отырған ғимараттың бірінші қабатында арнайы жәшіктер қойылған. Бұл тікелей сұрақ қою мүмкіндігі болмаған тұрғындардың өтініш-шағымдарын салуға қолайлы. Бұдан бөлек, салалық басқарма басшылары да халықты қабылдауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT