Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылысы аяқталған бірқатар нысанды көрді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысанды аралады. Құрылысы аяқталған ғимараттардың жұмыс барысын тексерген өңір басшысы жұмысшылардың сақтық шараларын сақтауы басты назарда болуы керектігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы бекітілген барлық талаптарды қатаң сақтауды және құрылыстың бәсеңдемеуін міндеттеді.

Бүгінде Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу және жиһаз орнату жұмыстары жүріп жатыр. Конгресс холл көпсалалы ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы 3,1 га ғимараттың ішкі аумағы 12000 шаршы метрді қамтиды. Облыс әкімі тұрғын үйлер мен әлемдік талапқа сай бой көтерген «RIXOS» және Хэмптон қонақ үйлері, Керуен сарай, кітапхана, Тұңғыш Президент саябағы мен «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарын тексерді. Өмірзақ Естайұлы құрылысқа атсалысып жатқан шетелдік компания жетекшілерімен кездесіп, жұмыс барысындағы бірқатар өзгерістерді талқылады.


Соңғы жаңалықтар