+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылыс сапасын бақылауды тапсырды

2019 жылғы 22 қазан 19:27
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы құрылыс сапасын бақылауды тапсырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетаудағы «сақалды» құрылысқа айналған оқыту-тәрбиелеу кешені келер жылы пайдалануға беріледі Ордабасы ауданында жолдардың сапасына мониторингтік бақылау жүргізілді Алматы жалпықалалық дизайн кодқа қашан өтеді

Аймақ басшысы алдымен салынып жатқан Әкімшілік-іскерлік орталығында болды. Бүгінде ғимараттың құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ол жерде облыстық әкімдік ғимараттарының құрылысы жүруде.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Нұр-Сұлтан» алаңы мен Медиа орталықты аралап көрді. Алматы қаласының тапсырысымен салынып жатқан нысанның жалпы көлемі – 3 мың шаршы метрді құрайды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылдың ақпан айында басталған болатын. Түркістан қаласының рухани-мәдени аймағында сонымен қатар Қостанай облысының тапсырысымен «Неке сарайы» да салынуда. Оның жалпы аумағы – 0,36 га. Бұдан бөлек, Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтеретін көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Онда 12 көпқабатты 36 тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.

Жалпы ауданы 207,3 мың шаршы метр болатын «Фев групп» ЖШС-і өз қаржысы есебінен 1980 пәтерлі тұрғын үй салынады. Облыс әкімі бұл күні күрделі жөндеу жүріп жатқан Түркістан магистралды су арнасында да болды. Кентау тасжолының бойына отырғызылған көпжылдық ағаштардан алдағы көктемде айнала жасыл желекке бөленбек.

Аймақ басшысы егілген көшеттерді баптап, бақылауды мұқият қадағалауды тапсырды.

Өмірзақ Шөкеев ауқымды алқапта бой көтерген «Желілік саябаққа» тоқталып, ондағы балалар ойын алаңын аралап көрді. Әкім тиісті салалық жетекшілерге жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен бекітілген кестеге сәйкес аяқталуына баса назар аударып, бақылауды күшейтуді жүктеді.

Өз кезегінде қаланың күннен күнге көркейіп жатқанына риза болған жергілікті тұрғындар облыс басшысына өз алғыстарын айтты. Олар күллі Қазақстан қас қақпай қарап отырған Түркістан аймағының дамуына облыс әкімінің қосып жатқан үлесінің маңызды екенін айтып, ризашылықтарын білдірді.









Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT