+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев: Түркістан облысында 3,5 млн ағаш егу жоспарланып отыр

2019 жылғы 24 қазан 02:52
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев: Түркістан облысында 3,5 млн ағаш егу жоспарланып отыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 2021 жылға дейін 3,5 млн ағаш егу жоспарланып отыр Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткізген баспасөз жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістандағы тәлімбақта шетелде өсетін өсімдіктерді жерсіндіруге жүргізілмек Түркістан облысында 1,3 млн-нан астам көшет отырғызылуда

«ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, биылғы жылдан бастап Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райын қолайлы климатқа айналдыру мақсатында Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жүруде. Жасыл белдеудің жалпы аумағы 7 700 гектар жерді құрайды. Бұл жерге 3,5 млн екпе ағаш пен 500 мыңға жуық бұта егілмек», - деді Өмірзақ Шөкеев республикалық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің экономикалық - әлеуметтік дамуы және сан түрлі салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жоспар бойынша «Жасыл белдеу» аймағында 2019-2021 жылдар аралығында көшеттер отырғызылып, орман алқабын көбейту арқылы жасыл аймақ қалыптастырылады.

Бұл мақсатта 2019 жылдың көктемінде 160 мың көшет отырғызылса, күзгі мезгілде 2000 гектар жерге 478 мың көшет және 300 гектар тәлімбақта 400 мыңға жуық көшет отырғызу жұмыстар жүріп жатыр. 2020 жылдан бастап, ғылыми зертханалардың білікті мамандарын тарта отырып, облыс әкімдігі тарапынан «Жасыл белдеудегі» тәлімбақта Түркістан қаласының климатына тез бейімделетін екпе көшет және көпжылдық гүлдейтін шөптерді сұрыптау бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

«Жасыл белдеу» аймағында ұсақжапырақты шегіршін, үлкенжапырақты шегіршін, қарағай, жіңішкежапырақты жиде, терек, үйеңкі, қытай шағаны, сүйелді қайың, емен, сарғылт қарақат және т.б егіледі.

Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында қала 32 секторға бөлінген. Әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Сондай-ақ Түркістан қаласында 268 су ұңғымасын жасау жоспарланса, соның ішінде 57 су ұңғымасы іске қосылған.

Келер жылдың көктемінде тәлімбақта облыста және елімізде жоқ, өзге мемлекеттерде өсетін өсімдіктерді жерсіндіру бойынша тәжірибе жасау жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде кейбір қылқанжапырақты тұқымдас түрлерін Түркістан қаласының айналасындағы «Жасыл белдеуде» өсіру үшін бейімдеу мақсатында жүзеге аспақ.

Облыс әкімінің бастамасымен облыс орталығы Түркістан қаласында өткен жалпыхалықтық сенбілік аясында облыс орталығында 24 мыңнан астам тал егілді. Жергілікті тұрғындар да көне шаһардың жасыл қалаға айналуына белсене қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT