+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласының ифрақұрылымын дамытуды жүктеді

2020 жылғы 8 сәуір 17:41
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласының ифрақұрылымын дамытуды жүктеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын аралап, Бас жоспарға сәйкес бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі жолы ретінде инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беруде. Осы орайда, өңір басшысы жауапты сала жетекшілерімен бірге облыс орталығын аралап, қаланың Бас жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтап, тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Шаһардағы жол жөндеу, газ, ауызсу мен кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын көзбен көрген аймақ басшысы тиісті сала жетекшілерінен құрылыстың кестеге сәйкес белгіленген мерзімінде аяқталуын талап етті», - делінген облыс әкімдігінің ақпаратында.


Биыл қала жолдарын жөндеу үшін әкімшілік-іскерлік орталығына іргелес орналасқан, яғни инфрақұрылымы толық аяқталған жерлерде ұзындығы 100 шақырым болатын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


«Жаңа көшелерде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, тротуарлардың жиектастарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолынан Майкөтов көшесіне дейінгі автожол құрылысы жүріп жатыр. Жаңа жол төселіп, айналасында арық-атыздар, тротуарлар мен веложолдың жиектастары орнатылған. Бұдан бөлек, қала аумағында «Жасыл белдеу» қалыптастыру бойынша биыл 100 гектар жерге Темір жол бойының оң жағалауы мен Арыс-Түркістан арнасының айналасын жасыл желекке орау жоспарланған. Сонымен қатар, қала аумағында жаңа жобаға сәйкес Нью-Йорк сатысын орнату, Б.Саттарханов даңғылында тіреу бекетін орнату, Қызылорда тасжолы бойында аллея алаңы мен Темір жол вокзалының алдына тас төсеп, «Жеңіс» саябағынан орталық базарға баратын жолды абаттандыру жұмыстары басталды. Арыс-Түркістан арнасынан бастау алатын бірнеше ирригациялық каналдың құрылысын мамыр айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда», - деді ведомстводан.


Мәлім етілгендей, бүгінде Түркістан қаласында 52 мыңнан астам абонент бар болса, оның 65% газ құбырлары тартылған. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Магистральды газ құбырында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 28,4 шақырым газ құбыры тартылып, газ реттегіш жәшігі орнатылуда. Биыл бюджеттен қаралған қаржыға 25 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жыл соңына дейін Түркістан қаласын газбен толығымен қамту көзделіп отыр.

Сондай-ақ небәрі 16% кәріз жүйесімен қамтылған Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жан-жақты талдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде қаланы 2021 жылға дейін 100% кәріз жүйесімен қамтамасыз ететін 10 нысанның жобасы әзірленіп, кешенді жоспарға енгізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT