Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданындағы шаруалармен Елбасы Жолдауын талқылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының Сайрам ауданында арнайы жұмыс сапарымен болды. Елбасының Жолдауын талқылау мақсатымен келген вице-премьер аудандағы «DDALA-FRUIT.KZ» ЖШС мен «Nurym Group» ЖШС-нде болып, ондағы шаруашылықтың бүгінгі жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарқынды бау шаруашылығындағы біршама жетістіктерге куә болған Өмірзақ Шөкеев облыста жеміс-жидек, жүзім шаруашылығының егіс көлемін ұлғайту, гектар түсімділігін арттыру мәселесі барлық уақытта күн тәртібінен түспей, әрдайым дамып келе жатқанынан хабардар болды. Аталған  қарқынды бау шаруашылығы мемлекеттік қолдаудың арқасында, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі жылдан-жылға ұлғаюда. Сонымен қатар, бау аралық агротехнологияларды жүргізу үшін қажетті техникаларға және сатылып алынған шетелдік, отандық көшеттерге субсидия төленуде. Бұл көмектер тауар өндірушілердің қарқынды бау егуге деген қызығушылығын арттырып отыр.

null
Ал, облыс бойынша жеміс-жидектің көлемі 17,5 мың га, жүзім 9,6 мың га құрап, 2018 жылы жеміс-жидектен 116,4 мың тонна, жүзімнен 72,0 мың тонна өнім алынды. Тауар өндірушілерді отандық жеміс пен жүзімнің элиталық көшетімен қамтамасыз ету мақсатында 7 көшет өндіретін элиталық шаруашылық ұйымдастырылған.

Өз кезегінде, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін және негізгі міндет - еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту туралы тапсырма бергенін айтып өтті. Агроөнеркәсіп кешенінде аталған тапсырмаға қол жеткізу үшін саланы әртараптандыру, оның ішінде мал шаруашылығын дамытудың алатын орны ерекше екендігіне тоқталды.

null
Бұл ретте, Өмірзақ Шөкеевке «Түркістан облысының ет кластерін» одан әрі дамыту мақсатында таяуда жұмысын бастайтын Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-і көрсетілді. Ауданның Манкент ауылынан ашылатын мал бордақылау алаңы «Қайып ата» ЖШС-нің еншілес ұйымы болып табылады. Серіктестік 10 мың бас ірі қара малды бордақылау алаңында семірту, сонымен қатар, құрама жем цехы мен мал сою алаңымен қамтумен айналысады. Жобаның құны 3,456 млрд тенгені құрайды.

Өңірге сапары соңында Өмірзақ Шөкеев қос шаруашылықтың жұмыстарына оң бағасын берді. Елбасы Жолдауын іске асыруда Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығын дамытып, әрбір ауданда ірі мал бордақылау алаңдарын салуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар