+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев Сарыағаш ауданы әкімінің есебіне ескертусіз барды

2020 жылғы 8 ақпан 18:15
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев Сарыағаш ауданы әкімінің есебіне ескертусіз барды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сарыағаш ауданы әкімінің есебіне ескертусіз барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда жаңа ауызсу жүйесі іске қосылады Өмірзақ Шөкеев көшет отырғызу науқанын бастап берді Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы ірі құрылыс алаңдарын аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан-қала әкімдерінің жылдық есебіне ескертусіз келіп қатысатынын ескерткен болатын. Аймақ басшысы Сарыағаш ауданы әкімінің есептік жиынына ескертусіз келіп, қатысты. Өңір басшысы келгенде аудан әкімі Мұхит Отаршиев жергілікті халықтың сауалдарына жауап беріп жатқан. Күтпеген кездесуге куә болған тұрғындардың кейбірі ұсыныс-пікірлерін Өмірзақ Шөкеевтің өзіне әкеліп тапсырды. Ауданда атқарылған жұмыстарды баяндаған аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіліп, барлық салада өсу байқалатынын атап өтті.

«Әсіресе ауыл шаруашылығы мен туризм, құрылыс салалаларында жоспарланған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. 2020 жылы 30 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып, бюджеттің кіріс бөлігі 102,7%-ға орындалған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2020 жылы 80 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Аудандағы шағын несие ұйымдары тарапынан барлығы 5057 адамға 4,7 млрд теңге көлемінде несиелер беріліп, нәтижесінде 6340 жұмыс орны ашылған. 2019 жылы ауданға 38,8 млрд теңгенің инвестициясы тартылған», - деді халыққа есеп берген Мұхит Отаршиев.

Аудан әкімінің сөзінше, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі саналады. Биылғы әкімдердің халық алдында есеп беруі - мемлекет тұжырымдамасының мүлтіксіз орындалуының айғағы. Қорытынды есепке дейін барлық елдімекен тұрғындарын аралап шыққанын және тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдағанын жеткізді.

Шекаралы аудан әкімінің жұмысымен таныс болған аймақ басшысы әкімдердің бұқараға барынша жақын екенін нақты іспен көрсету керектігін атап өтті.

«Биылғы жылдық есеп беру жиындары ерекше үлгіде өтіп жатыр. Әкімдер қордаланған мәселелердің түйінін тарқатып, ел алдында қорытындылауда. Жылдық есеп беруде сан, цифрдан көрі орындалған жұмыстар жайлы ашық, бүкпесіз әңгіме айтылуы тиіс. Халықтың өкпе-назын тыңдап қана қоймай, туындаған мәселе бірден шешілген жөн. Сондықтан жергілікті билік өкілдері халықпен қоян-қолтық жұмыс істеуі керек»,-деді жиынды қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT