Өмірзақ Шөкеев өз бизнесін ашқысы келген көпбалалы ананы қабылдады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев көпбалалы ананы жеке өтініші бойынша қабылдады. Жеті баланың анасы Дина Әйтімбетова аймақ басшысымен кездесуге Арыс қаласынан арнайы келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын алқа» иегері барша арыстықтар мен өз отбасының атынан алғысын арқалай келгенін айтты. Көпбалалы ана аз ғана уақыт ішінде қаланың қайта құрылып, ажарлануына атсалысқаны үшін аймақ басшысына үлкен алғысын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында өз үйінің жанында орналасқан бос жерге жатақхана салып, жеке кәсіп ашпақ жоспарымен де бөлісті.


Облыс басшысы қабылдауға келген батыр ананың бастамасын қолдады. Өмірзақ Шөкеев өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер жайлы атап өтті. Кездесу соңында аймақ басшысы жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар