Өмірзақ Шөкеев отандық өнімдерді пайдалануға шақырды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданына барды. «Қазығұрт» индустриалды аймағына аялдаған өңір басшысы ондағы кәсіпорындар мен өндірілетін өнім түрлерімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы аймақта орналасқан сусын өндіретін Көрік ЖШС-на барып, алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығаратын кәсіпорынды аралап көрді. 2017 жылдан бастап жұмыс істейтін цехта тәулігіне 8 тонна сусын шығарылады. 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өмірзақ Шөкеев бұл күні Шарапхана ауыл округінде орналасқан «Қазығұрт Нұры» ЖШС-нің жылыжайында да болды. Жалпы аймағы 2,9 гектарды құрайтын қызанақ пен қияр өсіретін шаруашылықты аралады. Серіктестік төрағасы Аманжол Әшірбаевтың айтуынша, жылыжайдан өткен жылы жалпы 340 тонна өнім алынған. Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда. Шаруашылық жұмысымен танысқан өңір басшысы шаруаларға жылыжай кешеніне қажетті жабдықтарды отандық өндірушілерден алу қажеттігін айтты.
null

Сондай-ақ, облыс әкімі 70 гектар жерге қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Бірлік» АӨК өндірістік кооперативінің жұмысын да аралап көрді. Онда қазір алманың «Голден», «Делишес», «Ред Делишес», «Гала Фуджи», «Грени», «Смит» сынды түрлері өседі. Аймақ басшысы алма бау көлемін ұлғайту мақсатында қожалық иесіне Түркістан қаласынан жер телімі берілетінін айтты. Сондай-ақ, қарқынды бау көлемін көбейтуде аудан басшылығына кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау мен жер мәселелерін дер кезінде шешу қажеттігін тапсырды.
null

Бұдан басқа, «Қайып ата» ЖШС қожалығының жұмыс барысымен танысқан өңір басшысы шетелге ет өнімін экспорттау үшін қожалықты арнайы реестр тізіміне қосып, қолдау көрсетілетінін жеткізді. Серіктестіктің мал бордақылау кешені Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар ауылында орналасқан. Мұнда бүгінде 5 мыңға жуық ірі қара бордақылануда. Өсірілетін төрт түліктің еті экологиялық жағынан таза әрі сапалы болғандықтан сұраныс өте жоғары. Сондықтан серіктестік ет өндіріп қана қоймай, оны шет елдерге экспорттау жұмысын да қолға алған.

Соңғы жаңалықтар