+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

2020 жылғы 27 маусым 16:14
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданында іссапармен болды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпкерлерге 4-6 пайызбен несие берілуде- Ауыл шаруашылығын қолдау қоры ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестиция үшін маңызды салаларды анықтады Қазақстанда күріш өндірісі екі есе өсті - АШМ

Ең алдымен «Сабыр» шаруа қожалығының бір жерден екі өнім алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Диқандар қыстың қақ ортасында 12,2 гектар жерге қырыққабат егіп, ерте көктемде 305 тонна өнім алған. Енді дәл сол жерге шаруалар қауын, дәндік жүгері егіп, тағы да 310 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр.

Одан соң аймақ басшысы КХ-78 облыстық тасжолы бойындағы көпірдің жағдайын бақылады. Сондай-ақ, «Қазсушар» РМК, Достық каналының уәкілдері мен су қауымдастықтарының басшылары және шаруалармен кездесті. Қазіргі таңда онда 16,4 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда 6 шақырым ресайклерлеу, 11 шақырым асфальт салу жұмыстары атқырылған.


Өмірзақ Естайұлы Жетісай ауданына сапары барысында өңірдегі ауылшаруашылық және жол жөндеу саласындағы бірқатар атқарылып жатқан жұмыспен танысты. Ең әуелі Жетісай қаласына қарасты ұзындығы 1,68 шақырымды құрайтын С.Қожанов көшесін орта жөндеу жұмыстарын тексерді. Аталған көшенің ені 16 метрге кеңейтіліп, төрт жолақты жол болып салынады. Сондай-ақ, көшеге жарықтандыру бағаналары мен жиектеме тастар орнату жұмыстары жүргізіледі.

Облыс басшысының назарынан ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «КХ-86 «Жетісай-Мақталы» автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу жұмыстары да тыс қалған жоқ. Нысанның жөндеу жұмыстары 2021 жылға өтпелі.

Кейін облыс басшысы «Камильжон» шаруа қожалығына аялдады. Ынтымақ ауылында орналасқан кәсіпорын 1996 жылы құрылған. Қазіргі таңда 71 гектар аумақты алып жатқан шаруақожалығында 10 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. 2020 жылы егілген ауыл шаруашылығы дақылдары мақта, болгар бұрышы, қырыққабат. Екінші өнімге қауын, қарбыз, маш және күздік қырыққабат дақылын егуді көздеп отыр.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданының Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы машиналық каналға барды. Каналға 13, 523 млрд теңге жұмсалып, 2011 жылы салынған болатын. Канал 86,7 мың гектар егістік алқапты ағын сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.

Аймақ басшысы шаруалармен кездесіп, жалпы шаруалардың сусыз қалмау керектігін ескертті. Жергілікті шаруаларға машиналық әдіспен суарудың үлесі зор екендігін жеткізді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT