+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев карантин шараларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

2020 жылғы 15 шілде 21:10
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев карантин шараларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде карантин кезіндегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуын тексеріп, Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кентауда карантин талаптарын сақтамаған 19 нысан анықталды Маска тақпағандарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынады Бүгіннен бастап Қазақстанда қатаң карантин тағы 2 аптаға созылды

Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин шараларын қатаң сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңір басшысы облыс орталығындағы құрылыс жұмыстары барысын тексеріп, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуді талап етті. Карантин шектеулеріне сәйкес, облыс аумағында бетперде кию тәртібі сақталады.

Айта кетейік, аймақта қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктердің қызметіне тыйым салынған. Сондай-ақ, монша және сауналардың да жұмысы тоқтатылған.

Мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылып, балабақшалар жұмыс істемейді.

Сонымен қатар, жабық базарлар, автомобиль мен киім-кешек сататын, мал базарлары мен адам көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT