Өмірзақ Шөкеев халықтың өтініш-шағымын қабылдайтын бөлім құруды тапсырды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыруға арналған жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алқалы жиында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Жолдауда айқындалған бағыттарға тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

«Көптеген арыз-шағымдарды оңтайлы шешуде «Азаматтар өтініштерін бақылау» бөлімін құруды тапсырамын. Аталған бөлім барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды. Халықпен байланысты нығайтуда қоғамдық бақылау және партия белсенділері мен шенеуніктерді бағалау тетігін ұйымдастыра білуіміз керек«, - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Жалпы, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп түрлері кеңінен дамыған. Экспорттық потенциал өте жоғары. Осы ретте Ө.Шөкеев тиісті сала басшыларына «Kazakh Invest», «Kazakh Tourizm» мекемелері ұйымдастыратын халықаралық көрмелерге тұрақты қатысып тұруды жүктеді.

Сонымен қатар, облыс әкімі Елбасы тапсырмасына сәйкес «Ауыл ел - бесігі» жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

«Биыл Түркістан облысында 7 елді мекеннің мәселесін шешуге 4 млрд теңге жұмсалды. Нәтижесінде 112,8 шақырым жол төселіп, 7 білім, 1 спорт және 5 мәдениет нысаны жөндеуден өтетін болады. Жоба аясында 2020 жылға 15 елді мекенде 114 жобаны іске асыруға 4,8 млрд теңге бағыттау жоспарлануда», - деді Түркістан облысының әкімі.

Сондай-ақ, өңір басшысы атаулы әлеуметтік көмек мәселесін атап өтті. Аталған бағдарламаны цифрландырып, атаулы көмек алушылар базасын жасақтауды тапсырды.

Актив отырысында мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым, қоғамдық ұйым төрағалары Жолдауда аталған міндеттерге тоқталып, өз пікірлерімен бөлісті.

Өмірзақ Шөкеев қала, аудан әкімдері мен қалалық құрылымдардың басшыларына тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, өздеріне жүктелген міндеттерді уақытылы әрі сапалы орындауға тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар