+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев баспанаға мұқтаж көпбалалы ананың шаңырағында болды

2020 жылғы 7 ақпан 22:36
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев баспанаға мұқтаж көпбалалы ананың шаңырағында болды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы көмекке мұқтаж көпбалалы ананың шаңырағына барып, отбасының бүгінгі тұрмыс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда 7 балалы отбасыға кәсіпкер баспана сыйлады Созақ ауданында кепілді әлеуметтік пакеттер үлестіріле бастады – Түркістан Бақытты отбасы: СҚО-да былтыр 173 отбасы баспаналы болды

6 баласымен жалдамалы лашықты паналап келетін жалғызбасты ананың бар арманы – баспаналы болу. Көпбалалы ана ауыл ауруханасында кіші медициналық қызметкер болып жұмыс істейді. Отбасының тұрмыс жағдайын көзбен көрген аймақ басшысы аудан әкіміне баспана мәселесін уақыт күттермей шешуді жүктеді. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында ауыл тұрғынына жаңадан салынып жатқан екіқабатты тұрғын үйден пәтер берілетін болды», - деді аймақ әкімдігінен.


Бәйдібек ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Боралдай ауылдық округінде орналасқан «Шаян» индустриалды аймағында орналасатын жобалармен танысты. Өмірзақ Шөкеев аймақтың өзекті мәселелерін көзбен көріп, аудандағы елді мекендерді газбен қамтамасыз етуді міндеттеді.


Бұдан кейін аймақ басшысы Алғабас ауылдық округі Қазата елді мекеніндегі су тазарту қондырғысының жағдайымен танысты. Су жүйелерін қайта құрылымдап, жақын маңдағы төрт елді мекенге таза ауызсу тарту мәселесі бойынша жауапты мамандармен кездесті. Сонымен қатар Қапшағай су қоймасының жөндеуден өткізу жобасы талқыланды.


Облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Орталық саябаққа жүргізілген абаттандыру жұмыстарымен танысты. Өмірзақ Шөкеев ауылдағы ішкі жолдардың қазіргі жағдайын сынға алды. Жөндеуден өткен жылдың сапасына көңілі толмаған облыс басшысы, оларды ретке келтіруді тапсырды.

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Созақ ауданындағы «Ұланбел – Созақ – Шаян – Екпінді» автомобиль жолынан Жаңатас қаласы бұрылысынан Созақ ауданына тартылатын магистральды газ құбыры мен АГТС құрылысы жұмыстарымен танысты. Жергілікті ақсақалдармен жүздесіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT