+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев бала зорлығына қатысты өңірдегі ахуалға түсінік берді

2019 жылғы 23 қазан 15:27
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев бала зорлығына қатысты өңірдегі ахуалға түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН - ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің Абай ауылында орын алған бала зорлығына қатысты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларға зорлық көрсету тақырыбына келсек, мен әкім болған күннен бастап бұл мәселені қолға алдық. Соның бірі – арнайы комиссия құрылды және Аружан Саин келіп қайтты. Байқағандарыңыздай, осы проблемамен күрес үшін кешенді жоспар да құрылды. Барлық әкімдер тартылып, өңірлерде психологиялық қолдау көрсету орталықтарын ашу шешімі қабылданды. Абайдағы жағдай бойынша біраз уақыт тергеп-тексеру жұмыстары жүрді. Соттың шешіміне қатысты біз пікір білдіре алмаймыз. Дегенмен, менің айтарым, өңірдегі барлық мемлекеттік органдар оның ішінде, құқыққорғау органдары балаларға қарсы зорлық және суицид проблемасымен жұмыла күресуге дайын. Бұл, біздің ғана аймақтың мәселесі емес. Онымен күресудің тиімді әдіс-тәсілін таңдау керек. Сондықтан біздің өңірде бұл мәселе жіті бақылауда», - деді Ө. Шөкеев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, облыс басшысы өңірдегі жемқорлық мәселесін сөз етті.

«Ел арасында біздің өңірде мұғалім немесе еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беру керек деген сыбыс таралған. Дегенмен, өткен жылдан бастап әлеуметтік мекемелерде жұмысқа орналасу процесі арнайы портал арқылы жүзеге асырылады. Яғни, ешқандай директор немесе мекеме басшылығының қатысуынсыз өтеді. Сондықтан да еңбекпен қамтуда әділдік пен ашықтық – басты орында», - дейді ол.

Еске салсақ, Түркістан облысының Абай ауылында мектеп оқушыларына 7 жасар баланы ұрып-соғып, зорлады деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Айта кетсек, бүгін елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстары мен қаланың жай-күйі туралы айтып берді.

Одан бөлек, өңір басшысы биыл Түркістанда пайдалануға берілетін тұрғын үйлерге қатысты мәлімет берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT