Өмірзақ Шөкеев: Атаулы әлеуметтік көмек көрсету көлемі 40 пайызға артты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндағын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев соңғы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі БАҚ өткен баспасөз мәслихатында «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына» тоқталып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар барысын баяндады. Оның сөзінше, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40%-ға артқан. Ағымдағы жылы атаулы көмек алуға 103 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген болса, оның 65 мыңнан астамына осы көмек түрі тағайындалған.null

«Өңірде жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер тапсырылды. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға тапсырылады. Сондай-ақ, медицина саласында облыстық бюджет есебінен 2018 жылы шалғай елді мекендерге 62 модульдік медициналық пункт сатып алынды, 2019 жылы 19 модульдік медициналық пункт орнату жоспарланды. Облыста 2 қалалық, 4 аудандық емхананың құрылысы және Түркістан қаласында №3 облыстық перинаталдық орталығына жапсарлас 150 орындық перзентханасы және 900 орындық 1 білім ұясының құрылысы жүруде»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

null

Соңғы жаңалықтар