+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев: Арыстың дамуы құрылыс аяқталған соң да қарқынды жалғасады

2019 жылғы 7 қазан 17:43
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев: Арыстың дамуы құрылыс аяқталған соң да қарқынды жалғасады

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыстың дамуы құрылыс жұмыстары аяқталған соң да қарқынды жалғасады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өткен апталық аппараттық мәжілісте атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Арыс қаласында жарамсыз деп танылған 402 үйдің құрылысы толық аяқталды Арыстықтар қала күнін атап өтті Өмірзақ Шөкеев: 1 қарашаға дейін Арыстағы барлық жұмыс аяқталады

Арыс қаласындағы экономикалық-әлеуметтік даму жұмыстары жаңа қарқында жалғасын таппақ. Отырыста Арыста атқарылып жатқан жұмыстар мен жол, кәріз жүйесі және құрылыстың құжаттандыруы жайлы соңғы мәліметтер талқыланды. Жиында Нұр-Сұлтан, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері құжаттарды толық рәсімдеп, орталыққа тапсыру жағын кешіктіріп жатқаны жайлы айтылды. Облыс басшысы бұл мәселені жылдамырақ шешуді тапсырды. Сондай-ақ, Ақтөбе секторына қарайтын бірнеше үйдің қайта сараптаудан өткені белгілі болды. Нәтижесінде олар толық сүріліп, жаңадан соғылады. Құрылысты облыс өз қолына алды. Жарылыстан 8 мыңнан астам тұрғын үйдің 7634-і зақымданған болса, зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұруға жарамсыз деп танылған 474 үй қайта басынан салынуда. Қазіргі таңда 330 үйдің құрылысы аяқталды. Толық сүріліп тастап, қайта көтерілген 144 үйдің құрылысы да аяқталуға таяды. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қаладағы инфрақұрылымды реттеу барысында Арыс қаласының кәріз жүйелері толық жөндеуден өтіп, автоматтандырылды. Арыс жылыту маусымына да толық дайын. Зақым келген Арыс көшелері де жөндеуден өтті. 16 көшенің аяқжол салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.






Сондай-ақ аппарат мәжілісінде облыстағы мал және өсімдік шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы жайлы баяндама жасалды. Өмірзақ Естайұлы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің импортын және мал бордақылау алаңдарындағы барлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауды тапсырды. Мал ауруларының алдын алу және емдеу мақсатында ҚР АШМ Ветеринарлық қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясымен бірлесіп облыстық ветеринарлық қызметін жұмылдыру және күшейтуді тапсырды. Аймақ басшысы азық-түлік өнімдерінің сақтаудың маңыздылығын да атап өтті.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT