Өмірзақ Шөкеев Арыстағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласында көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 60 пәтерлі жаңа баспаналардың құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа көпқабатты баспана Көктем-2 тұрғын ауданында салынуда. Аймақ басшысы құрылыстың сапасына және мерзімінде аяқталуына қатысты мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан бес қабатты үйлер алдағы күзде тапсырылмақ. Жаңа баспаналар жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған арыстықтарға берілмек.

Айта кетейік, Арыс қаласында биыл бұдан басқа тағы 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталған. Жаңа баспаналар келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.



Соңғы жаңалықтар