Өмірзақ Шөкеев Арыста бүлінген әлеуметтік нысандарды аралап шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында жарылыстан бүлінген әлеуметтік нысандарды аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімі Арыс қаласында бүлінген инфрақұрылымдық әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Атап айтқанда, Өмірзақ Шөкеев балабақшаны, қалалық аурухананы, ІІБ ғимараты мен тұрғын үйлерді аралады. Келтірілген шығын алдын ала есептеліп, қаланың өміріне қажетті жедел шешімдер қабылданды. Тұрғындарды әлі де эвакуациялау жұмысы жүргізіліп, бұл мақсатта 105 көлік жұмылдырылды. Арыс қалалық ІІБ-дегі негізгі штаттан бөлек, 345 қызметкер мен 75 арнайы көлік, шұғыл жәрдемнің 51 экипажы жұмылдырылды. ТЖ тарапынан 201 қызметкер, Түркістан облыстық және Шымкент қалалық ТЖД-ның 26 арнайы техникасы тартылды», - деп жазды өңір басшысының кеңесшісі Сәкен Қалқаманов facebook парақшасында.

Оның жазуынша, медициналық мекемелерге қазірге дейін 31 зардап шегуші түскен. Десе де, олардың нақты саны қанша екені әлі белгісіз.

null

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін жариялады.

Ал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

null

Соңғы жаңалықтар