Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев: Арыс тұрғындары аптаның соңында үйлеріне оралады

2019 жылғы 26 маусым 19:35 582
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев: Арыс тұрғындары аптаның соңында үйлеріне оралады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысы, Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектепте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға облыс әкімімен қатар ««Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев, ТЖД өкілі, Қазақстан Республикасының Бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин, облыс прокуроры, аймақтық ветеринарлық инспеция өкілі қатысты. Облыс әкімі елді мазалаған өткір әрі өзекті сұрақтарға жауап беріп, Арыстағы жағдай тұрақталып, қауіптің беті сейілгенін мәлімдеді.
Өмірзақ Шөкеев: Арыс тұрғындары аптаның соңында үйлеріне оралады 

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы төтенше жағдай толық бақылауға алынды. Еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет, облыс әкімдігі, ішкі істер департаментінің өкілдері тарапынан Арыс қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өрт толық сөндіріліп, көшелер мен үйлер тексеруден өткен.

«Арыс қаласына тұрғындарды апта соңында кіргізетін боламыз. Уақытын нақты 28 маусым күні хабарлап айтамыз. Себебі, халықтың қауіпсіздігі үшін қаланы әлі де толық тазартуымыз қажет. Тұрғындарды қалаға кіргізу үшін Арыс қаласы 17 секторға бөлінді. Осы секторларға облысымыздың 16 ауданынан 640 жауапты (1 аудан - 40 адам) азамат бекітілді. Тұрғындар үйіне оралған соң тұрғын-жайларына келтірілген шығындар бойынша бекітілген қызметкерлер фото-видеофиксация жасайды. Осы материалдар келтірілген шығындарды есептеуге көмек береді. Тұрғындарды үйлеріне орналастыру үшін облыстық полиция қызметкерлері мен дәрігерлер, төтенше жағдай департаменті мен құзырлы мекемелер үздіксіз қызмет көрсетеді. Арыс қаласы толық қалпына келеді. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Мемлекет тарапынан арыстықтарға қолдау көрсетіледі. Бұл қиындықты да бірге еңсере аламыз», -деді Ө.Шөкеев.
Өмірзақ Шөкеев: Арыс тұрғындары аптаның соңында үйлеріне оралады 

Сондай-ақ Арысқа арнайы келген «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев апатқа қатысты өз  ойын білдіріп, республика бойынша ашылған гуманитарлық көмек туралы айтып өтті. «Бүгінгі таңда 9 облыстан гуманитарлық көмек жеткізілді. Барлық облыстарда Арыс қаласына көмек беру бөлімдері ашылды. Бұл - қазақстандықтардың арыстықтарға көрсетіліп жатқан қайырымдылық шарасы. Алдағы уақытта құрылыс материалдарын жеткізуге мұрындық боламыз», - деді.
Өмірзақ Шөкеев: Арыс тұрғындары аптаның соңында үйлеріне оралады 

Айта кетсек, Арыстағы төтенше жағдайдың шығыны мен зардабын жою үшін облыс әкімдігі тарапынан арнайы қор құрылды. Қазірдің өзінде бұл қорға 200 млн  теңгеден астам қаржы жиналып үлгерді. Өңірлерден гуманитарлық көмектер де жеткізіліп жатыр. Алдағы уақытта шығындар көлемі анықталған соң нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT