+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Өмірзақ Шөкеев: Ары таза адам өзіне қара күйенің жағылуына жол бермейді

2020 жылғы 16 қаңтар 19:31
Бөлісіңіз:
Өмірзақ Шөкеев: Ары таза адам өзіне қара күйенің жағылуына жол бермейді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Сотқа дейінгі іс жүргізу: шындығы және жетілдіру жолдары» атты халықаралық конференцияға қатысқан шетелдік және қазақстандық белгілі заңгерлер мен құқық қорғаушылар және қоғам белсенділермен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық жиынға Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінен арнайы келген ғылым, заң, сот саласының өкілдері мен еліміздегі Жоғары Соттың, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері конференция барысында заң аясында диалогтық алаң құрып, үздік тәжірибелерімен ой бөлісті.

Аймақ басшысының қабылдауында болған қонақтар аталған жиынның маңыздылығын атап өтіп, облыс басшысына алғыстарын жеткізді. Алғы сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар өңірде жүріп жатқан жемқорлықпен күрес жұмыстарының жүйелі де нәтижелі екенін атап өтті. Түркістан облысында шығарылатын өнімдерде «Сыбайлас жемқорлықтан таза аймақ» атты мөр басылатыны жайлы бастаманың өзектілігін ерекше ескерді. Өз кезегінде, облыс басшысы жиынға қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.


«Мұндай ауқымды жиынның өңірімізде осымен екінші рет өтіп жатқаны қуантады. Жемқорлық, рас, жаһанға жайылған індет. Әйткенмен, Түркістан секілді киелі өңір бұл індеттен ең таза аймақ болуы тиіс. Осы жолда атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жеткілікті. Ары таза адам өзіне қара күйенің жағылуына жол бермейді», - деді облыс әкімі кездесу барысында.

Отырыста елімізде адвокат пен тергеуші мәртебесін көтеру, жемқорлыққа қатысты халықтың құқықтық сауатын арттыру жұмыстарын күшейтуді секілді көптеген маңызды мәселелер көтерілді. Сотқа дейінгі іс жүргізудегі және құқық қолданудағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, халықаралық тәжірибелерді зерттеу, тиімді тәсілдерді әзірлеу жөнінде пікір алмасты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT