Өмірзақ Шөкеев аграрлық салықты енгізуге қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Биыл күзде бірыңғай аграрлық салық қабылдануы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл біздің ұсыныс. Ауыл шаруашылығы министрлігі салық салу жүйесін жеңілдетуді қарастырып отыр. Салықтардың өте көп түрі бар. Шын мәнінде, ауыл шаруашылығынан бюджетке салық аз түседі. Егер де пайдаланылып жатқан жердің аумағына байланған бір ғана түсінікті салықты енгізсек, онда салық та көбірек түседі әрі оны әкімшілеу де жеңілдеу болады. Бұл біздің пікір, сонымен қатар өзге министрліктердің, қаржыгерлердің ұсыныстары бар», - деп тоқталды Ө. Шөкеев.

 Осы орайда ол барлық пікірлер мен ұсыныстар талқыға түсетінін атап өтті.

«Қазіргі кезде бұлар Мәжілісте талқыланып жатқан заңнамаға өзгерістер енгізу туралы жобада ескерілді. Біз 400-ден астам түзету енгіздік. Құжатты лайықты қисынға келтірдік. Сондықтан күзде оны Парламентте қабылдаймыз деп ойлаймын», - деді министр.

Айта кетейік, Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін Өмірзақ Шөкеев «ҚазАгроның» банкротқа ұшырауына жол берілмейтінін мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар