Өмірім мен жұмысым спортпен тығыз байланысты болады – Ольга Рыпакова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондон - 2012 Олимпиадасының чемпионы, Бейжің-2008 және Рио-2016 Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Рыпакова алдағы жоспарлары туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бұл мәселе туралы әлі ойланбадым, бірақ бір нәрсені айтайын: бұл - менің спортшы ретіндегі соңғы Олимпиадам. Жоспарлар туралы айтуға әлі ерте, аздаған уақыт өтсін, бірақ болашақта да менің өмірім мен жұмысым спортпен тығыз байланысты болады деп ойлаймын», - деді О. Рыпакова Орталық коммукникациялар қызметінде.

Ол болашақта өзін спортпен байланысты салада көретінін атап өтті.

«Менің мақсатым, менің тілегім – Қазақстандағы спорттың, оның ішінде жеңіл атлетиканың дамуына тағы да үлес қосу. Мен әлі де көмектескім келеді, біздің елімізде жеңіл атлетикадан Олимпиада мен Әлем чемпиондары көп болғанын қалаймын. Өмірдің ағысы қалай болатынын қарап көрейік», - дейді жеңіл атлет.

Спортшы өз қызының да өмірі мен қызметі кәсіби спортпен байланысты болса, жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.

Айта кетейік, бүгін Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруде қазақстандық Ольга Рыпакова финалға өте алмады.

Спортшы бұған дейінгі үш Олимпиадада да жүлдегерлер қатарынан көрінді. 2008 жылы күміс, 2012 жылы алтын, 2016 жылы қола жүлдегер атанды.

Ольга Рыпакова баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлеріне алғыс айтты.


Соңғы жаңалықтар