2009 жылғы 13 тамыз 12:05

Өмірден ерте кеткен талантты ақын С.Әбдуғалиевтің жаңа жинағы жарық көрді

ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Өмірден ерте кеткен батысқазақстандық талантты ақын Сағат Әбдуғалиевтің «Жанымның жалғыз бұлбұлы» атты кітабының сүйінші данасы Орал қаласындағы «Ағартушы» баспасынан жарық көрді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жинақ «Ақ Жайық қаламгерлерінің кітапханасы» сериясымен мың данамен басылып отыр. Баспаға әзірлеп, құрастырғандар - ақын-журналистер Ғайсағали Сейтақ пен Қазбек Құттымұратұлы.

Кітапқа ақынның бұдан бұрын шыққан «Көзайым келешек», «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» атты жинақтарына енген өлеңдерімен қатар кейін табылған жырлары, сондай-ақ тұңғыш рет С.Әбдуғалиев туралы замандастарының естелік, мақалалары енгізілген.

Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT