+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Өмірәлі Жалайыри: Бейбіт шеруге қатысты құжатты қолдау маңызды

2020 жылғы 17 ақпан 14:30
Бөлісіңіз:
Өмірәлі Жалайыри: Бейбіт шеруге қатысты құжатты қолдау маңызды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайыри «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» жаңа заң жобасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік туды пайдалану қағидаларына қандай өзгеріс енгізілді Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 - 2023 жылдарға арналған бюджет туралы заңға қол қойды ШҚО полицейлері төрт күнде 45 мас жүргізушіні ұстады

Сарапшының айтуынша, жаңа заңда хабарландыру және регламент тәртібі туралы өзгеріс дұрыс орын тапқан.

«Бұл заң жобасын қолдау өте маңызды. Себебі жергілікті атқару органдарынан белгілі бір мерзімде жауап келмесе бейбіт шеруді өткізуге рұқсат беріледі. Ұйымдастырушылар хабарлаған күннен бастап 15 күн ішінде жауап клемесе, бейбіт шеру ұйымдастыру заңға қайшы болмайды», - деді Ө.Жалайыри.

Сонымен қатар, атқарушы органдар митингі өткізуге қарсылықты нақты негіздеуі тиіс.

Айта кету керек, бүгін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен бейбіт шерулерді өткізу туралы жаңа заңның тұжырымдамасы талқыланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT