НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкада коронавирустың «омикрон» штамынан туындаған пандемияның төртінші толқыны басталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі хабарлайды.
ОАР Денсаулық сақтау министрі Джо Фаахланың айтуынша, ж аңа COVID-19 мутациясы туралы хабарланғаннан кейін Оңтүстік Африкада инфекция жұқтыру жағдайлары көбейген және негізінен коронавирустың сол жаңа түрі тарауда.