«Омикрон» штамы қатты таралған аумақтарда қосымша шектеулер енгізіледі – Ерлан Қиясов
2022 жылғы 12 қаңтар 16:37

«Омикрон» штамы қатты таралған аумақтарда қосымша шектеулер енгізіледі – Ерлан Қиясов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Омикрон» штамы Қазақстандағы эпидахуалға қалай әсер етіп отыр? Бұл сұрақтың жауабын ҚР Бас санитар дәрігері, Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Ерлан Аңсағанұлы, Қазақстанда болған соңғы оқиғалар кезінде дәрігерлер қалай жұмыс істеді?

- Біз де барша қазақстандықтармен бірге болған қайғылы оқиғаларды қатты уайымдадық. Террористік әрекеттерден зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Ахуалды бейбіт жолмен реттеуге бағытталған шараларға қарамастан, әкімшілік мекемелерге, оның ішінде медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасау, жедел көліктерін бүлдіру фактілері орын алды.

Денсаулық сақтау министрлігі тәулік бтуындаған қиындықтарды жедел шешіп отыру үшін халыққа уақтылы медициналық көмек көрсетуге қажет шаралардың бәрін қабылданды.

Айта кету керек, өздеріне тікелей қауіп төнсе де әріптестеріміз халыққа медициналық көмек көрсетуді жалғастырды.

Өзіміздің кәсіби парызымызды орындай отырып, біз ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылдаған шараларын толық қолдаймыз.

- Коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамы несімен қауіпті?

- Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандар Омикрон штамының өте жылдам тарайтынын айтып отыр. Салыстырсақ, жаңа вирустың таралуы «Дельта» штамына қарағанда 5 есе жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жаңа штаммен ауырғандар саны әр 2-3 күн сайын екі есе артып келеді. Мұндай жылдамдықпен кете берсе, әлемдегі коронавирус жұқтыру деңгейі бір аптаның ішінде 8 есе, ал екі аптадан кейін 40 есе нашарлауы мүмкін.

Бүгінгі таңда әлемде коронавирус бойынша аурушаңдықтың қатты өскені байқалады. КВИ-дің 275 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркеліп, жалпы 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болған. Бүгінгі таңда «Омикрон» вирусы әлемнің 126 елінде анықталды.

Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсуі Данияда тіркелді. Бұл елде ауру 70%-дан астам, Италия мен Швецияда – 50%-ға, Франция мен Ұлыбританияда – 40%-ға, Норвегия мен Португалияда – 30%-дан астам өсті.

- Коронавирустың жаңа штамы Қазақстандағы эпидахуалға қалаә әсер етіп жатыр?

- Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы байқалады. 2022 жылдың басынан бері COVID-19 жұқтырудың 16 000-нан астам жағдайы тіркелді.

Соңғы тәулікте республикада 4 810 симптомды жағдай және 79 симптомсыз жағдай тіркелді. Ал тәуліктік сырқаттану дерегінің 77%-ы 4 өңірге ктиесілі. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысы.

Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика және аталған 4 өңір «қызыл» аймақта тұр. 6 өңір «сары» аймақта – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары. Қалған 7 өңір жасыл аймақта.

Соңғы 7 күнде коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың деңгейі бүкіл өңірлерде байқалып отыр. Бұл «Омикрон» штамының таралуына байланысты.

- «Омикроннан» қалай қорғануға болады?

- Коронавирус инфекциясының басқа түрлерімен салыстырғанда, «Омикрон» нұсқасы 20-30 жастағы, яғни, адамдардың ең белсенді тобына қатты әсер етеді. Сонымен қатар бұрын ауырып жазылғандардың қайта жұқтыру қаупі де байқалып отыр.

Коронавирус инфекциясының тез таралуына, оның ішінде «Омикрон» штамына халықаралық сапарлардың көбеюі, қоғамдағы байланыс процестерінің жандану ықпал етіп отыр. Жаңа жыл кезіндеі мерекелік басқосулар мен соңғы оқиғалар сырқаттану деңгейінің өсуіне сөзсіз әсер етті және қазір «Омикрон» велдегі эпидахуалды ушықтырғанын көріп отырмыз.

«Омикрон» штамының клиникалық белгілері мынадай: шаршау, бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі.

Қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың ауыртпалығы, клиникалық көріністері мен вакциналардың тиімділігі бойынша бойынша зерттеулер жүргізіп жатыр.

Бүгінгі таңда коронавиру вакцинациясы бүкіл әлемде өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама ретінде танылды. Вирустың жаңа штамдары таралмасын десек, ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне қол жеткізу маңызды.

Бүгінгі таңда республика бойынша екпенің бірінші компонентін 9 милионнан астам адам алған. Бұл тиісті контингенттің 79,2%-ы деген сөз. Екпенің екінші компонентін 8,5 млн адам қабылдаған, яғни, тиісті контингенттің 75,1%- деген сөз.

Бұдан басқа, жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациямен қамту үшін министрлік «Pfizer» компаниясының «Comirnaty» вакцинасының 4 млн 230 мың дозасын сатып алды.

«Pfizer» вакцинасының бірінші компонентін 367 578 ада, екінші компонентін 157 210 адам алды.

Бүгінгі таңда 600 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті. Сондай-ақ, 60 жастан асқан адамдарды «Pfizer» вакцинасымен ревакцинациялауды бастау жоспарлануда.

Уақтылы жүргізілген иммундау коронавирус инфекциясының ауыр зардаптарынан қорғауға қабілетті немесе аурудың жеңіл өтуіне ықпал етеді.

- Өзіңіз коронавирустың жаңа штамы әлемнің 126 еліне тарағанын айттыңыз. Осыған байланысты шетелдерде қандай шектеулер енгізіліп жатыр?

- Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты көптеген елдерде қатаң шектеу шаралары қабылдануда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі шектеді күшейтпесе, ахуалдың ушыға түсетінін болжап отыр. Мысалы, АҚШ-та тәулігіне 1 миллион 130 мыңнан астам жаңа жағдай тіркелген. Бұл пандемия басталғаннан бері тіркелген абсолютті максимум.

Шектеулерді күшейтіп жатқан елдер көп. Аустрияда бүгіннен бастап тіпті көшеде екі метр ара қашықты сақтау мүмкін болмаса, бетперде кию міндетті деп танылды. Азық-түліктік емес дүкендерге кіруге вакцинация туралы сертификат немесе тиісті анықтама болған жағдайда рұқсат етіледі. Үндістанға кірудің жаңа ережелері пайда болды. Енді елге келгендердің бәрін бір апталық үй карантиніне жіберіп, бірнеше мәрте ПТР сынақтарын тапсыру қажет.

Бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстанда да аурушаңдық деңгейі неғұрлым жоғары өңірлерде қосымша сақтық шараларын енгізу жоспарланып отыр. Ashyq жобасы аясында алгоритмге сәйкес қосымша шектеу шараларын енгізу жоспарлануда.

Шетелден елге қайтқан кезде мерзімі 72 сағаттан аспайтын ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманың болуы міндеттелмек.

- Әр азамат ауруға шалдықпау үшін қандай алдын алу шараларын сақтауы қажет?

- Бұл жерде коронавирус инфекциясының ұдайы мутацияға ұшырайтынын, сондай-ақ «Омикрон» штамының жұғу көрсеткіші жоғары екенін ескеру керек.

Қыс айларында жіті респираторлық вирустар да өршиді. Сол үшін әр адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарап, басқаларға және өзіне жұқтырмау үшін қамдануы керек. Халық көп жиналатын орындарға барудан бас тарту, ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және қатыспау ұсынылады. Жұмыс орындарында міндетті түрде маска тағу, әлеуметтік қашықты және жеке гигиена ережелерін сақтау, үй-жайларды өзіңіз де қонақ шақыруды шегере тұрыңыз.

Коронавирус инфекцисияның алғашқы белгілері пайда болған кезде гипотермияға жол бермеңіз. Яғни, үйден шықпай, медициналық көмекке жүгініңіз.

Тәуекел тобына жататын жақындарыңыз бен туыстарыңызға қауіп төндірмеңіз. Ең дұрысы қашықтан байланысудыңзаманауиқұралдарын қолдану керек.

- Сұхбатыңызға рахмет!


Jańalyqtar

MURAǴAT