Омикрон штамы басқаларына қарағанда 5-7 есе жұқпалы – Сархат Бейсенова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Омикрон штамы басқаларына қарағанда 5-7 есе жұқпалы және қайта жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 2 жыл бойы біз жаңа жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Бірнеше локдауннан аман шықтық. Жағдайымыз енді оңалады дегенде жаңа қауіп - омикрон штамы пайда болды. Ол осы күнге дейін анықталған штамдарға қарағанда 5-7 есе жұқпалы, яғни жұқтырған адам инфекцияны коронавирустың алдыңғы нұсқаларына қарағанда бір-екі күннен кейін тартуы мүмкін және қысқа мерзімде қайта жұқтыру қаупі жоғары», - деді Сархат Бейсенова қала әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елордада COVID-19 індетінің тез өсуіне байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі.

«Сондықтан аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте мүмкіндігінше бірден оқшаулануды ұсынамын. Себебі, 12 жасқа дейінгі балалар, вакцинацияланбаған және созылмалы ауруы бар адамдарға әлі де қауіп жоғары, тиісінше сіз оларға қатер төндіресіз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар