Омикрон-ниндзя: Беларусьта коронавирустың жаңа штамы табылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусьта коронавирустың жаңа штамы табылды. Ол «омикрон-ниндзя» деп аталады. Бірінші жұқтырған адам Минскіде, екіншісі Витебскіде. Екі жағдай да зертханалық түрде расталды. Науқастар вирусты жеңіл түрде өткізуде.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

«Омикрон-ниндзя» ағзаға тез еніп, иммунитетті әлсіретеді және антиденелерді елемейді. Оны жұқтырған науқас 12 адамға жұқтыруы мүмкін. Бұл басқа штамдарға қарағанда екі есе көп.

Омикронның жаңа кіші түрі – Оңтүстік Африкадан мутацияланған вирустың бесінші желісі. Қазір бұл штамм АҚШ пен Батыс Еуропада кең таралған.

«Бұл негізінен тұрақты түрде мутацияға ұшырайтын «омикрон». Сондықтан біз клиника бойынша ауыртпалық пен ағымның ауырлығы жағынан қандай да бір ерекше жағдайларды күтпейміз. Емнің басталу жылдамдығы, контагиоздігі – оның басқалардан айырмашылығы. Мұнда біз омикрон штамы болған кездегі соңғы толқыннан ол аурудың ауырлығы мен ағымының жұмсақ түрін тудырғанын көрдік», – деді Беларусьтің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.


Соңғы жаңалықтар