USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Омикрон: Қазақстан шектеу шараларын күшейтеді

2021 жылғы 30 қараша 09:18
Бөлісіңіз:
Омикрон: Қазақстан шектеу шараларын күшейтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавирус инфекциясының жаңа штамының пайда болуына орай 3 желтоқсаннан шектеу іс-шараларын күшейтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Қазақстанда ЖОО-лардың жұмысы қалай ұйымдастырылады Жаңа қаулы: ШҚО-дағы мешіттерде жұма намазын оқуға шектеу қойылды Министрлік Алматының бас санитар дәрігерінің орынбасары жасаған мәлімдемеге пікір білдірді

«Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда ағымдағы жылғы 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Бірінші - Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу», - деді бірінші вице-министр.

Оның атап өтуінше, екіншіден, «Омикрон» нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуы енгізіледі.

«Үшіншіден, «Омикрон»-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс. Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет», - деді Марат Шоранов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT