Омикрон қаншалықты қауіпті және ол басқа штамдардан несімен ерекшеленеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар науқастарда «Омикрон» штаммы анықталған жоқ. Рас, көптеген дәрігерлер COVID-19 мутациясының бұл түрінен бізді айналып өтпейтінін айтады. «Омикрон» қаншалықты қауіпті және оны басқа КВИ штаммдарынан несімен ерекшеленетіні туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов айтып берді.

– Нариман Ермекұлы, омикрон мен дельта және коронавирустың басқа түрлері бір-бірінен несімен ерекшеленеді?

– КВИ ауруы тыныс алу органдары ауруларының барлығы сияқты тез таралады. Омикрон вирустың таралуының шамамен үш есе өсуімен (және кейбір дереккөздерде бес есе), сондай-ақ патогендіктің төмендеп, вакцинаға төзімділіктің жоғарылауымен сипатталады. Онда инкубациялық кезең өте қысқа.

Егер бұған дейін біз бес күн ішінде пайда болған дельта штамы туралы айтатын болсақ, онда омикронның инкубациялық кезеңі - инфекциядан бастап аурудың дамуына дейін екі күн. Басқа штамдарда - 14 күнге дейін. Омикронның 110-нан астам елде тез таралуы оның жоғары жұқпалы екенін көрсетеді.

– Омикрон белгілерінің клиникалық көрінісі қандай?

– Көбіне одан туындаған ауру асимптоматикалық немесе қарапайым суық тию сияқты жеңіл түрде өтеді. Мысалы, Оңтүстік Африкада «Омикрон» жұқтырған пациенттердің 80 пайызы алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда ауруханаға аз түседі.

Омикрон инфекциясы кезінде осал топтар арасында ауыр жағдайлар жиі кездеседі. Бұл егде жастағы науқастар және созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдар. Бүгінгі таңда омикронмен ауырған адамдардың өлімінен гөрі, денсаулыққа келтіретін залалы басым.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, ковидпен ауырып шыққандардың 20 пайыздан астамында постковид жағдайы қалыптасады, яғни, ұзақмерзімді қалпына келтіруді қажет етеді.

Постковидтік пандемия - бұл енді пандемияның өзі емес, омикрон қалдыратын асқынулар. Бұл асқынулар, әдетте, ковидке ұқсас, омикрон ұзақ шаршау синдромын дамытады, яғни, адам күш-қуатын, денсаулығын, энергиясын жоғалтып, үнемі әлсіздік пен шаршағанын сезінеді.

– Вакцина алған және ауырып жазылғандардың омикрон жұқтыру қаупі бар ма?

– Ең үлкен қауіп, әрине, вакцинацияланбаған халыққа төнеді. Науқастар аз дәрежеде иммундық қорғанысқа сене алады. Алайда, бәріміз қайта жұқтырудан аулақ болғымыз келеді. Менің ойымша, омикрон толқынынан асқыну қаупін азайтудың жалғыз жолы - вакцинация.

Айтпақшы, артық салмағы бар, сондай-ақ қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек-тамыр, аутоиммундық және басқа да аурулармен ауыратын 60 жастан асқан адамдар бірінші кезектегі вакцинацияны және ревакцинацияны қажет етеді.

Бустерлік вакцинамен вакцинациялау, үшінші компонентпен ревакцинация жүргізу және бұрын болған барлық шектеулерді сақтау қажет.

Мен бұл қиын екенін түсінемін, бәрі КВИ-ден шаршады, бірақ бізде басқа жол жоқ. Бізге қарсы кезекті толқыны. Тек бірге ғана біз инфекцияға қарсы тұра аламыз.


Соңғы жаңалықтар