Омикрон иммундық жүйенің жасушаларына да әсер етеді - дәрігер

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазір айналымда жүрген коронавирустың омикрон нұсқасы бұрынғы штамдарға қарағанда 3-5 есе жұқпалы. Бұл туралы онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медицина ғылымдарының докторы омикронның таралуы популяцияда «ұжымдық иммунитеттің» тезірек қалыптасуына ықпал етеді және коронавирустың басқа айналымдағы штамдарын ығыстырады деп санайды.

Сонымен қатар, ол дельта штамымен ауырғандардың неге омикрон жұқтыратынын түсіндірді.

«Дельта штамынан ауыр зардап шеккен пациенттердің бір бөлігі вирусқа қарсы қорғаныс антиденесін шығаруға жауап беретін жасушалық иммунитетті күрт төмендетеді, сондықтан олар коронавирустың басқа штамдарымен салыстырғанда жұқпалы омикронмен қайта ауыруы мүмкін», - дейді профессор.

Күләш Құрманова коронавирус симптомдары бар Алматы тұрғындарының ПТР-тестілеуден өтуі, айналасындағыларға жұқтырмауы үшін уақытында оқшаулануы өте маңызды екенін тілге тиек етті.

«Егер адам коронавирус инфекциясын жеңіл түрде жұқтырса, онда ол детоксикация үшін көп сұйықтық ішуі керек. Вирустық инфекция үшін антибиотик ішу дұрыс емес. Оларды дәрігер бактериялық инфекция қосылған кезде ғана тағайындайды», - деді спикер.

Оның айтуынша, омикрон тыныс алу жолдары ғана емес, сонымен қатар иммундық жүйенің жасушаларына да әсер етеді.

Бұл Covid-Long деп аталатын көпжүйелі қабыну реакциясын тудырады, сонымен қатар жасырын инфекциялар күшіне енеді.

Сондықтан ағзаны қорғау үшін вакцинация өте маңызды.


Соңғы жаңалықтар