«Омикрон» бірінші рет жануардан анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Йоркта аққұйрық бұғыдан омикрон штамы анықталуы ғалымдарды алаңдатып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Нью-Йорктағы Стейтен-Айлендте ұсталған 131 бұғыдан қан мен жағындылардың кейбір түрлері алынды, нәтижесінде олардың 15 пайызынан вирусқа қарсы антиденелер анықталды. Зерттеулер қорытындысы жануарларда бұрын коронавирус инфекциясының болғанын, сонымен қатар олардың жаңа штамм жұқтыру мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетті, деп мәлімдеді Пенсильвания штаты университетінің ғалымдары.

Мамандардың айтуынша, енді коронавирустың жаңа штамы бұғылардан жұғуы мүмкін.Ал АҚШ-та 30 миллион бұғы бар.

Омикрон штамы бірінші рет жабайы жануардан анықталып отыр. Бұл АҚШ-та коронавирустың осы штамын жұқтыру жағдайларының күрт өсуімен байланысты.


Соңғы жаңалықтар