НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Джо Байден елдің алты штатына жергілікті дәрігерлерге COVID-19-мен күресуге көмектесу үшін әскери дәрігерлер бригадасын жібереді. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Омикронның» таралуына байланысты ауруханаларға жүктеме артты. Әскери дәрігерлер жедел жәрдем бөлімдеріндегі пациенттермен жұмыс жасайды, ал қызметкерлер әдеттегі міндеттеріне орала алады.
Коронавирус Үнді леопардтарының популяцияларына тарала бастады. Ғалымдар жыртқыштар вирустың тағы бір табиғи резервуарына айналуы мүмкін деп алаңдайды. Инфекция леопардтың өкпесінде, оның лимфа жүйесі мен ми тіндерінде кездеседі. Соңғысы, ветеринарлардың пікірінше, жабайы мысықтар адамдарға қарағанда covid-19 шабуылдарына осал емес деп айтуға болады.