Омбылық әнші Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған челленджге қолдау көрсетті

None
None
ОМБЫ. ҚазАқпарат - Омбы қаласындағы «Мөлдір» қазақ мәдениет орталығының әншісі Айна Жүнісова Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған челленджге қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджі композитор, Қазақстанның халық артисі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналады.

«Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджін «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлынан, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облысының филармониясынан қабыл алған Ресей Федерациясы Омбы қаласы «Мөлдір» қазақ мәдениет орталығының әншісі Айна Жүнісова «Əнім сен едің» әнімен жалғастырды. Мәдениет орталығы эстафетаны Орынбор қаласындағы «Жасгүлім» тобына жолдады.

Әннің видеосы Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube-nағы парақшасында жарияланды.




Соңғы жаңалықтар