Омбыда өтіп жатқан ынтымақтастық форумын тікелей эфирде тамашалауға болады

None
None
ОМБЫ. ҚазАқпарат - Омбыда өтіп жатқан өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысы «Хабар 24» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Хабар 24» телеарнасы сағат 19:45-де тікелей эфирде «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумынының пленарлық отырысынан көрсетілім ұйымдастырады» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин сөз сөйлейді.

Соңғы жаңалықтар