Омбыда астау жасайтын алғашқы қазақ шеберханасы ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдегі «Қазақ мәдениетінің Сібір орталығының» мүшесі Әскербек Богумбаев Ресей Федерациясының Омбы қаласында қазақы үлгідегі астау шығаратын шеберхана ашты. Бұл туралы «Отандастар қоры» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

Әскербек Богумбаев 2018 жылы «Отанастар қорының» қолдауымен ұйымдастырылған кіші Құрылтайға қатысқан болатын. Қазақы астаулар шығару туралы идея сол құрылтайда келген екен.

«Осы Құрылтайда Тоғайбай Нұрмұратұлымен таныстым. Тоғайбай аға мені өзінің энергетикасымен таң қалдырды. Біз пікір алмаса келе, ойларымыз бен мақсаттарымыздың бірдей екенін түсіндік. Бастысы - біздің қазақ мәдениетіміздің дамуы, біздің дәстүрлерімізді сақтап қалу. Біз сондай-ақ халықтық қолданбалы қолөнерінің дамуына, әсіресе астау өндіруге ерекше тоқталдық. Тоғайбай аға маған астау өндірісіне арналған шеберхананы ашуды және бұл жұмысты ұйымдастыруға көмектесетінін жеткізді. Құрылтай аяқталды, мен жаңа таныссыммен қоштастым, бірақ бұл соңғы кездесу болмайтынын түсіндім. Ал міне уақыт келе мен Ресейдегі «Астау» өндірісі шеберханасының жетекшісімін!», - дейді Әскер Богумбаев.

Әскербек Богумбаев Омбы қаласында «Астау» өнімдерін өндіруге арналған шеберхананың ашылуына жәрдемдескен «Жусан» халықаралық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Рысбек Тоғайбайға және «Отандастар қоры» КЕАҚ-на алғысын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар