Омбы-Павлодар және Қалбатау-Майқапшағай жолдары 4,5 жылда салынады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жалпы ұзақтығы 900 шақырым Омбы-Павлодар және Қалбатау-Майқапшағай жолдарының құрылысы басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл келешегі бар жоба, артықшылықтары бірден көрінеді. Ресей транзиттік дәліз ашылады. Жоба 4,5 жылда аяқталады деп жоспарланған, осы уақыт аралығында қайта 900 шақырым жол салу керек болады», - деді «Қазавтожол» ұлттық компаниясының директоры Валентин Цой.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ақпараты бойынша, әр жолға 120 миллиард теңге көлеміндегі қаражат бөлінген. Жол құрылысымен қазақ және қытай компаниялары айналысуда.

Сондай-ақ, елшілік өкілдерінің айтуынша, бұл бағыт бойынша сағатына 120 шақырым жылдамдықпен сегіз мыңға жуық көлік жүріп өтеді деп жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар