«Омбы-Майқапшағай» трассасында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Омбы-Майқапшағай» тасжолында жол апатынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Омбы-Майқапшағай» тасжолында Павлодар облысына 1 шақырым қалғанда болған.

«Хонда» маркалы автокөлік жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген. Кенет рульге ие бола алмай қалып, көлік аударылып түскен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы сол жерде көз жұмды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 және 4-бөліктеріне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.




Соңғы жаңалықтар