«Омбы - Майқапшағай» трассасында екі адам мерт болып, төртеуі зардап шекті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза болып, тағы төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының маңында болды.

«17 ақпан күні сағат 10.27 шамасында «Омбы - Майқапшағай» тасжолында, Набережное ауылының жанында жол апаты тіркелді. «Форд» және «Хонда» маркалы автокөліктер соқтығысқан. Салдарынан «Хондада» отырған екі адам көз жұмды», - деді департаменттен.

Рavlodarnews.kz ақпаратына сәйкес, ажал құшқандар 41 және 44 жаста болған ерлі зайыптылар.

Сондай-ақ көліктердің жүргізушілері мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар